Ақтауда жастар хабы іске қосылды
Ақтауда ЮНИСЕФ ұйымының бастамасымен жастар хабы іске қосылды. Жоба – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Халықаралық волонтерлер жылы аясында жүзеге асты. Хаб жергілікті университет базасында құрылды. Мұнда еріктілер балалардың өмірін жақсартуға бағытталған жобаларды жетілдіріп, білімдерін шыңдайды. Былтыр облыс бойынша 700-ден астам жас «волонтерлікті дамыту» бағдарламасына қатысып, балалар құқықтарын қорғау, экологиялық мәселелері бойынша білім алған. Бүгінде олар жобалар әзірлеп, өзге балаларға үйретуге дайын.
Зейнеп Серік, ерікті:
Біз «Сақ-робот» деген қолданбаны ойлап тапқан болатынбыз. Жасанды интеллект бойынша ақпараттарды анализдеу арқылы мобильді қосымша адамдарға ең жеңіл және ең қауіпсіз маршруттарды көрсетеді. Біз осы хабта болашақта осы жыл аясында жұмыс істейміз және де алдағы уақыттарды инвестициялар арқылы, көмектер арқылы біз осы мобилді қосымшаны жарыққа шығарғымыз келеді.
Рашед Мұстафа Сарвар, Юнисеф ұйымының Қазақстандағы өкілі:
Біз бүгін Қазақстанның батыс өңірлеріне арналған бірегей жастар хабын құрдық. Бұл алаң жастар үшін мүмкіндіктер орталығына айналып, балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылады. Еріктілер «UNICEF Zhastary» цифрлық платформасын қолдануға да мүмкіндік алады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16