Жидда қаласынан тағы 180 отандасымыз елге оралды
Атырауға
Жидда қаласынан тағы 180 отандасымыз жеткізілді. Кеше Таяу Шығыстағы
шиеленіскен жағдайға байланысты жерлестерімізді елге қайтару үшін бесінші ұшақ
аттанған еді. Бүгін сағат таңғы 5-те борт Атырау әуежайына келіп қонды.
Азаматтардың басым бөлігі Катар елінде демалыста жүрген. Әуелі Доха қаласынан
Эр-Рияд қаласына, кейін одан әрі Жиддаға автобуспен 30 сағат жүріп келген.
Содан соң ұшақ арқылы елге аман-есен жетті. 2 сағаттан кейін әрі қарай Алматы қаласына
жетті.
Гүлзипа Бегімбаева, Тараз қаласының тұрғыны:
28-і күні түстен кейін басталды ғой дүмпу. Сонымен қонақ үйде жаттық. Ертесіне консулдарға айтылды. Солар келіп, басқа жерге апарып жайғастырды. Қатты қорықтық.Олжасбек Жакенов, студент:
Қорқыныш болды әрине. Бірақ осылай елшілігіміздің арқасында елге оралдық.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04