Отандастарымызды елге қайтару үшін Жидда қаласына бесінші ұшақ жіберілді
Бүгін сағат 16:00-де Атыраудан Жидда қаласына бесінші ұшақ жіберілді. Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты отандастарымызды елге қайтару жұмыстары жалғасуда. Оларды тасымалдау үшін арнайы рейстер ұйымдастырылған. Бүгінге дейін төрт ұшақ көтеріліп, 900-ден астам адам Атырау, Ақтау қалаларына жеткізілді. Олардың басым бөлігі әрі қарай өз өңірлеріне жол тартты. Енді тағы Масқат пен Жидда қалаларынан 800-ден астам отандасымыз Алматы, Атырау, Ақтау қаласына ұшып келеді деп күтілуде.
Жаңыл Рысбайқызы, Х.Доспанова атындағы «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры:
Джидда қаласынан отандастарымызды жинап, эвакуациямен Атырау әуежайына оралады. Жоспар бойынша сағат 05:00 де келуі керек. Одан кейін, екі сағаттан соң Алматы әуежайына ұшып кетеді.
314 қазақстандық елге жеткізілді
Бүгін арнайы рейс Оманнан 314 Қазақстан азаматын Алматыға жеткізді. Тағы 230 отандасымызды жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы Алматы – Масқат – Алматы бағыты бойынша бес рейс ұйымдастырылады. Таяу Шығыстан келген жолаушылардың айтуынша, елшілік қызметкерлері қазақстандықтарды жеті автобуспен Оманның астанасы Масқатқа жеткізген. Кейбір азаматтар таксимен қатынаған. Әуежайда күткен жолаушыларды Қазақстаннан барған ұшақ елге алып келді. Арнайы рейспен келгендер эвакуацияны ұйымдастырған мемлекеттік органдарға алғыс білдірді.
Нұрислам Анде, жолаушы:
Ол жерде қазір жағдай тұрақсыз. Дубай қаласында. Басқа да эмираттарда. Ол жерде бізде қорқыныш болды. Дабыл қағылды. Барлығымызды ресепшнға жинады. Жертөлеге жинады деген сияқты. Бізге елшілік шықты. Жиналыңдар деді. Жиналдық. Барлығын ұйымдастырып қаражат шығармай Қазақстанға алып келді. Сол себепті алғысымыз шексіз. Әйтпесе басқа мемлекеттердің азаматтары жүр.
Жанат Төребеков, жолаушы:
Біз Дубай қаласына отбасымызбен қыдырып бардық. Бала-шағамызбен. Сол жақта белгілі жағдайларға байланысты қайта алмай мемлекеттің осындай көмегінің арқасында мінеки, келіп отырмыз. Үлкен рақмет айтамыз. Алғысымыз шексіз. Осындай жағдайда көмектесіп, тез ұйымдастырылды. Дубайдағы елшілікке рақмет айтамыз. Әрқашан хабарда болып, қолдап отырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы