«IT-Aiel» және «AqylTech» жобасының жаңа маусымы басталды
Елімізде әйелдер мен жастардың цифрлық сауатын арттыруға бағытталған «IT-Aiel» және «AqylTech» жобаларының жаңа маусымы басталды. Бұл бағдарлама әсіресе ауылдық жердегі жұмыссыз қыз-келіншектерге, көпбалалы аналарға және декреттегі әйелдерге, сондай-ақ жастарға тегін жаңа мамандық иесі атануға жол ашады. Ұйымдастырушылар биыл бағдарлама мазмұны айтарлықтай жаңарғанын айтты. Айталық, қатысушылар интернет-алаяқтардан қорғану жолдарын, сондай-ақ, жасанды интеллект көмегімен қаржылық сауаттылықты, сайттар мен қосымшалар жасауды және трендтегі видеороликтерді құрастыруды үйренеді. Ал интернет сапасы төмен аймақтар үшін арнайы платформа қарастырылған.
Гүлмира Қанай, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
Көп жағдайда ауылды жерде білесіздер үлкен кедергілер бар – интернеттің жағдайы, сонымен қатар белгілі бір цифрлық сауаттылықтың төмен болуы. Бағдарламаның бір ерекшелігі өзінің арнайы платформасы бар, сайты бар, сол жерден кіріп, сонымен қатар егер интернет істемей қалатын жағдай болса, алдын ала жазылып, әр модуль бөлек-бөлек ішіне салынған. Сол жерге кіріп, таңдап, артынан қатысып сертификатын алуға болады.
Жобаға тіркелу бүгіннен басталады. Оқу тегін және үш айға созылады. Курс
соңында әр қатысушы сертификат алып, технологиялық компаниялармен және
фриланс-платформалармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Биылдан бастап еліміздің
кейбір өңірлеріне көшпелі воркшоптар ұйымдастыру жоспарланған.
Қайрат Қамбаров, Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері
комитетінің төрағасы:
Бір жылдың ішінде 11 мыңға жуық адамды оқыттық. Сондай-ақ 150-ге жуық тренерлердің арнайы курстарынан өтіп отыр. Ол тек қана оқыту емес, сосын кері байланыс сол азаматтармен. Мысалы 2025 жылы 1500 әйел және 1400 жас өз жұмыстарын бастап кетті.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да «Ботай. Ғайып ғалам» фильмін түсіре бастады
04.03.2026, 17:38
Көлікті eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасымен тіркеуге болады
04.03.2026, 17:33
«Стрептоцид» препаратының сериясына тыйым салынды
04.03.2026, 17:31
Ақмола облысында қызылшамен ауырған 66 курсанттың бәрі жазылды
04.03.2026, 17:29
Конституция жобасы – ел болашағының берік негізі
04.03.2026, 17:27
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
04.03.2026, 17:24
Референдумды 18 мыңға жуық байқаушы қадағалайды
04.03.2026, 17:22
Қазгидромет: 5 өңірде тасқын қаупі жоғары
04.03.2026, 17:20