Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
Атырау қаласында «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты ауқымды гала-концерт өтіп жатыр.
Нұрсұлтан
Нұрсейіт, тілші:
Кеш шымылдығы «Сармад» ансамблінің орындауындағы «Көшпенділер» күйімен түріліп, «Алаш аманаты» композициясымен жалғасты. Әрі қарай ұйымдастырушылар Конституциялық реформалардың маңызына ерекше назар аударды. Алдымен облыстағы қоғам белсенділері сөз алып, жаңа Конституция жобасын таныстырды. Спикерлер жаңа өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, Ата заңдағы басты құндылық – адам капиталы екеніне ерекше тоқталып өтті. Жалпы өңірде Ата заңның жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Көпшілік жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер мен еріктілік қызметті қолдау нормаларының енгізілуі – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам деген пікірде. Ал қазір салтанатты шараның ресми бөлімі аяқталып, одан әрі концерттік бағдарламаға ұласуда.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04