Жаңа Конституция жобасы: Адам құқығы мен қауіпсіздігіне басымдық беріледі
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға басымдық берілген. Халық пен билік арасындағы өзара сенімді күшейтуге мүмкіндік береді. Атырауда өткен облыстық бас редакторлар клубының кездесуінде жиналғандар осылай деді. Жиынға облыстық, республикалық арналардың журналистері, жергілікті газет- журнал басылымдарының басшылары қатысып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиналғандар басты құжаттағы құқықтық мемлекетті нығайту, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету секілді өзге де маңызды бағыттарды талқылады.
Жанай Амантурлин, облыстық бас редакторлар клубының төрағасы:
Халықтан мыңдаған ұсыныстар түсті. Мұның барлығы жеті рет өлшеп, бір рет кес дегендей зерделеніп, жаңа жоба қабылданғалы отыр. Адам құқығына келетін болсақ сот та, соның ішінде прокуратура да, адвокат та олармен тең құқылы ретінде Конституцияға еніп отыр. Бұл біздің азаматтардың құқығын қорғауға ерекше басымдық беріп отыр деп ойлаймыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04