Медина және Жиддадан 500-ге жуық жолаушы елге оралды
Кеше түнде Сауд Арабиясының Медина және Жидда қалаларынан Атырау қаласына 500-ге жуық жолаушы жеткізілді. Олардың басым бөлігі қажылық сапардан қайтқандар. Сондай-ақ өзге өңір тұрғындары. Олар таңғы рейстермен Алматы және Астана қалаларына ұшып кетті. Турагенттік компания өкілдерінің сөзінше, Сауд Арабиясында әлі де туристер бар. Оларды елге жеткізу жұмысы жоспарланып жатыр. Көлік министрлігі таратқан соңғы ақпаратқа сүйенсек, бүгінге дейін 946 жолаушы елге жеткізілген.
Ердәулет Маткәрімов, Атырау қаласының тұрғыны:
Бізге қауіп төнген жоқ. Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Бірақ интернеттен, инстаграмнан көріп отырдық. Мемлекетіміз бізге осындай жағдай жасады. Үш күндей қонақ үйде болдық. Қазір елімізге оралып жатырмыз, құдайға шүкір.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04