«Ұлы дала музыкасы: түркі эпосы» атты халықаралық ғылыми-конференция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала музыкасы: түркі эпосы» атты халықаралық ғылыми-конференция басталды

19.04.2019

Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Ұлы дала музыкасы: түркі эпосы» атты халықаралық ғылыми-конференция басталды. Оған Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан келген өнертанушылар қатысып жатыр. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында еліміздің ұлттық құндылықтарын насихаттау арқылы әлемге таныту керек деген болатын. Бұл орайда қазақ халқының жыры мен дәстүрлі әнінің  орны ерекше болмақ.

Шара аясында көрші елдің өнер қайраткерлері, этнограф,  тарихшы мен философ, дәстүрлі әншілер өзара пікір алмасып, тәжірибе алмасады. Жалпы эпос - филологтармен өте жақсы зерттелген. Ал музыка жағына келетін болсақ, зерттеулер өте аз.

Мұны Қазақ ұлттық өнер университетенің профессорлары мықтап қолға алған. Жыршылық өнердің құрдымға кетпесі үшін кафедра ішінен бөлім ашылды. Ғалымдар ұлы өнердің қыр-сырын зерттеп, жаңа кітаптар шығарды. Бұл жыршылық өнерге келушілерге таптырмас құрал болмақ.   

Амандық Көмекұлы, Қазақ ұлттық университетінің профессоры, жыршы:

Өзінің ұлтының,  адамгершілігін, адалдығын, руханиатын, өткен өмірдің жаманынан жерініп, жақсысына сүйсінетін бағытта тәрбиелейтін ұлт үшын қажетті  құрал жыр деген.

Сәния Баженеева, Қазақ ұлттық өнер университетінің докторанты, музыкатанушы:

Магистратура ашылды, бұл да үлкен көмек зерттеудегі. Бірінші магистранттарымыз шығып жатыр. Мысалы, «Едіге батыр» жыры, «Көрұғлы» қазақтың нұсқасы зерттеліп жатыр. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу