Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтанымен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді. Қазақстанның жағдайды ушықтырмай, тараптарды диалог пен дипломатия арқылы қақтығысты шешу жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті және аймақтағы бітімгерлік әрекеттерге белсене атсалысатын ел ретінде Оманның халықаралық абырой-беделі жоғары екеніне назар аударды. Президент еліміздің азаматтарын қақтығыс аймағынан Оман арқылы эвакуациялауға тікелей араласқаны үшін Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауына алғыс айтты.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12