Басты Жаңалықтар Мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты артып келеді

Мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты артып келеді

Елдегі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты артып келеді. Мәселен, Шымкентте 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға, Атырауда 5 жарымнан 7 миллион тоннаға, Павлодар мұнай-химия зауытында 5 жарымнан 9 миллион тоннаға жеткен. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты. Ол алдағы төрт жылда салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында да есеп берді. Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясы салынады. Мемлекет басшысы отын-энергетика секторын одан әрі дамыту бағытындағы жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізу маңызды екеніне тоқталды.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика Министрі:

Президент бюрократияға жол бермеу міндетін қойды. Бұл стратегиялық жобалардың сапалы әрі уақытылы аяқталуы министрліктің қатаң бақылауында. Биыл жылыту маусымы штаттық режимде өтеді.


Бөлісу