Елімізде қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендеді
Елімізде қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендеген. Қылмыстарды ашу істері көбейді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі осылай деп есеп берді. Одан бөлек Ержан Сәденов Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысын баяндады. Интернет алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес нәтижесінде киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеген. Ұйымдасқан қылмыс бойынша 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 11 топтың қызметі тоқтатылды. Бес есірткі зертханасы жойылып, 881 келіден артық әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға енуіне тосқауыл қойылды. Былтыр Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы заң қабылданды. Дропперлік, сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы