Сауд Арабиясынан 343 отандасымыз елге жеткізіледі
FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Алматы мен Астанаға 306 жолаушыны жеткізді. Ал Air Astana мен Scat компанияларының 6 әуе кемесі аталған елден отандастырымызды алып келуге дайын. Бұл туралы бүгін үкіметте көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Бұдан бөлек сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айтуынша, ертең, яғни наурыздың төртінде Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 343 отандасымызды елге жеткізу жоспарланып отыр. Ал Иранның әуе кеңістігі жабық. Сондықтан азаматтарымыз жер жолмен, яғни Армения, Әзербайжан, Түрікменстан арқылы ғана шыға алады. Сауд Арабиясынан елге жеткізілуі тиіс қазақстандықтар арасынан ең алдымен әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар, 60 жастан асқан азаматтар, сонымен қатар нақты бір ауруы бар тұлғалар бордқа бірінші мінгізілмек.
Әлібек Бақаев, Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Мұнша көп адамды бірден елге әкелу мүмкін емес. Ұшаққа мінетін балалардың жалпы санын қазір айта алмаймын. Өйткені әлі толық жасақталып болған жоқ. Біз адамдарды Жидда мен Маскат қаласына шоғырландырып жатырмыз. Олар бортқа отырғаннан кейін ғана нақты саны белгілі болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы