БҚО өзендерінде мұз жару басталды
Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өзендерде мұз жару басталды. Өңір бойынша 83 орын белгіленген.
Мұз жару бірінші кезекте қала іргесіндегі Шаған мен Деркөл өзені тоғысқан жерде басталды. Күн жылынғанда қалың мұз сеңнің жүруіне тосқауыл болуы мүмкін. Жұмыс 47 мың шаршы метр аумақты қамтиды. Орын белгілеуде негізінен мұз кептелісі ықтимал өзендер назарға алынған. Жауапты міндетті арнайы лицензиясы бар шығысқазақстандық мердігер компания атқарады. «Қазгидромет» мекемесінің мәліметінше, наурыздың екінші онкүндігінде аймақта жылымық басталады. Деркөл, Шаған, Шежін-1, Шежін-2 және Быковка өзендері қауіпті деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Бұған қоса қар мен тоңның қалыңдығы да қарғын су басу қаупін арттырып отыр.
Әлібек Тәшімов, облыстық Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
Бөлінген қаражат 184 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Барлығы 83 учаске анықталды. Сол орындарда мұз жаруды жүргіземіз. Бұл жұмыс су тасқынының қауіпсіз өтуіне және мұз кептелісінің алдын алу мақсатында жасалып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы