Басты Жаңалықтар LRT көктемнің аяғына дейін іске қосылады

LRT көктемнің аяғына дейін іске қосылады

LRT-нің іске қосылар күні таяп қалды. Яғни, осы көктемде жолаушы тасымалдай бастауы ықтимал. Бұл туралы Астана қаласының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бүгін Жеңіс Қасымбек пен Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр LRT депосының ғимаратына барып, бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмыс дайындығымен танысты. Орталық көлік жүйесін басқару мен қаладағы жол-көше желісіндегі процестерді үйлестірудің негізгі элементіне айналады. Қазір сынақтық пайдалану жұмысы жүріп жатыр. LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды. Сынақтық пайдалануды аяқтау және жолаушылар қозғалысын бастау күні барлық іс-шара кешені толық орындалып, жүйенің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін анықталатын болады, - деп жазды қала әкімі.


Бөлісу