Басты Жаңалықтар Қызылшаға қарсы профилактика күшейді

Қызылшаға қарсы профилактика күшейді

Қызылшаға қарсы профилактика күшейді. Өткен аптамен салыстырғанда індетті жұқтырғандар саны 417-ден 311-ге дейін төмендеді. Алайда эпидемиологиялық ахуал толық тұрақталған жоқ. Астанада 81 адам қызылша жұқтырған.  Алматы қаласында – 48, Атырау, Алматы, Қостанай облыстарының әр қайсысында  57 жағдайдан, Батыс Қазақстанда 29 адамнан қызылша анықталған. Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі вакцина алмаған балалар. Денсаулық сақтау министрлігі індеттің таралуына жол бермеу үшін қосымша иммундау енгізді. Жағдай тұрақталғанға дейін 6-10 айлық балаларға қосымша екпе салынды. Бұрын егілмеген 2-5 және 7-18 жастағы балаларды, сондай-ақ вакцина алғаны туралы ресми құжаттық дәлелі жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін  вакцинациялау ұйымдастырылды.

Бөлісу