Азия даму банкі еліміздегі 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткен
30 жылдан астам уақыт ішінде Азия даму банкі елімізде жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткен. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Кандамен кездесу барысында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, Азия даму банкінің жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады. Банк қаржы құю арқылы еліміздегі экономикалық өсімге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Масато Канда Азия даму банкі Қазақстанмен арадағы ықпалдастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайтынын жеткізді. Банк тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және өзге де маңызды стратегиялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Азия даму банкі арасында орнықты және ұзақ мерзімді серіктестік орнаған, еліміз өзара тиімді кооперацияны одан әрі кеңейтуге әзір.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы