«Ана тілі» олимпиадасы жеңімпаздары анықталды
«Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы
мәресіне жетті. Оған еліміздің әр өңірінен 7 мен 11-ші сынып аралығындағы 2
мыңнан аса оқушы қатысты. Іріктеуден өткен 200-дейі Астанада қорытынды кезеңде
білімдерін сынап, бүгін үздіктері марапатталды. 14 оқушыға еліміздің таңдаулы
жоғары оқу орындарының гранттары табысталды. Білім додасы осымен екінші рет
ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі олимпиадалардан айырмашылығы - мұнда оқушылар
топтық жарыста жан-жақты білімдерін көрсетті. Сайыс бірнеше бағытты қамтыды.
Қатысушылар шешендік өнер мен өз ойын еркін жеткізу дағдысын көрсетіп, шығарма
мен мазмұндама жазу арқылы тілдік сауаттылығын дәлелдеді. Ұйымдастырушылар -
жобаның негізгі идеясы қазақ тілінің қолдану аясын технология мен ғылым
саласында кеңейту дейді.
Қуат Қожахметов, «Білім-Инновация» ХҚҚ вице-президенті:
Тағы бір ерекшелігі, жаратылыстану бағытындағы сұрақтар болды, қазақ тілі бірақ сұрақтар жаратылыстану бағытында болады. Сол шамалы ерекшелігі бар, яғни балаларды ғылымға, ғылымды қазақ тілінде насихаттау мақсатында.
Ислам Нұрланұлы, Олимпиада қатысушысы /Қызылорда облысы/:
Мұндай Республикалық кезеңге бірінші рет қатысып тұрмын. Бірінші кезең «Білім қазынада» тест тапсырдық, пікір сайысты дебатта айттық, «тілшілердің» өзінде 3 тақырып болады. Эссе, мазмұндама, талдау. Солардың бәрін тапсырдық.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Бахрейн королімен телефонмен сөйлесті
02.03.2026, 20:02
Азия даму банкі еліміздегі 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткен
02.03.2026, 20:00
Шымкентке 4 миллион тал гүл егеді
02.03.2026, 17:39
Еңбек адамы: Шетелде шыңдалған шеберлер
02.03.2026, 17:35
Әрбір дауыс маңызды!
02.03.2026, 17:31
Жаңа Конституция – мемлекеттің жаңғыру бағыты
02.03.2026, 17:29
Ақмола облысының еңбек ұжымдары коалиция өкілдерімен кездесті
02.03.2026, 17:27
Шымкенттегі университет ұжымы колаиция мүшелерімен әңгімелесті
02.03.2026, 17:24