Президент Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасының негізгі авторларының бірі. Бұл туралы Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай айтты. Оның сөзінше, басты құжат жобасын әзірлеу барысында Мемлекет басшысы мәтінмен жеке өзі тікелей жұмыс істеген. Азаматтардан және қоғамдық ұйымдардан келіп түскен сындарлы ұсыныстарды оқып, жіті зерделеген.
Айбек Дәдебай, ҚР Президент әкімшілігінің басшысы:
Одан соң кеңесшілермен, сарапшылармен бірге негізгі заңның кіріспесін, бөлімдері мен баптарын жазумен, оны өңдеумен тыңғылықты түрде айналысты. Жалпы жаңа Конституция жобасының мәтінінде Мемлекет басшысының саяси бағдарының басты қағидаттары, қоғам мен мемлекеттің дамуына қатысты көзқарасы, сондай-ақ ұстанымдары кеңінен көрініс тапқан. Сол себепті Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз.
Сондай-ақ Айбек Дәдебайдың айтуынша, бүгінде республикалық референдумға
дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алдағы жалпыхалықтық дауыс беру
шарасы әрбір азамат үшін айрықша маңызға ие. Сондықтан барлық құқықтық
рәсімдердің сақталуы мен заң талаптарының қатаң орындалуы басты назарға
алынған.
Айбек Дәдебай, ҚР Президент әкімшілігінің басшысы:
Жалпы Президент соңғы жарты жыл ішінде аптасына кемінде бір рет, кейде одан да жиі түрде әуелі парламенттік реформа бойынша жұмыс тобының өкілдерімен, жектекшілерімен, одан кейін Конституциялық комиссияның жетекшілерімен кездесіп отырды. Бұл кездесулер кейде бір сағаттан астам уақытқа созылатын. Осыдан-ақ біз жұмыстың қандай қарқынмен жүргенін аңғара аламыз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14