Су үнемдейтін шаруаларға жеңілдік көп
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы су тапшылығынан қиындық көрген өңірлерді қолдау мақсатында жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Компания су үнемдеу технологиясын енгізетін шаруа қожалықтарына жеңілдетілген несие бөліп, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыру сомасын ұлғайтты. Түркістанда өткен алқалы жиында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері сөз болды. Шаруаларға көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мен ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктерін түсіндірді.
Жорабек Жолдасбеков, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Шаруалардың несие алудағы ортадағы ешқандай делдалсыз жұмыс істеуіне кепіл болады, біріншіден. Екіншіден бұл өздеріне қажетті сұрақтарын толық көлемде несие ұйымдарының басшыларынан толықтай алады деген сенім бар.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54