Басты Жаңалықтар Павлодар өңіріне салынған инвестиция екі есеге көбейген

Павлодар өңіріне салынған инвестиция екі есеге көбейген

Павлодар облысы биыл 1 трлн. 413 млрд. теңге инвестиция тартқан. Осыдан үш жыл бұрын негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 795  млрдтан астам еді. Яғни екі есе өскен. Қазір аймақта 85 жоба іске асырылуда. Олардың 39 еркін экономикалық аймақта орналасқан. Мәдениет Ахметов, «Павлодар» АЭА басқарма төрағасы:

Бүгінгі күні әкеліп жатқан инвестициясы 546 млрд. Ол 39-дан 23 мекеме өнімін шығарып жатыр. Оның өнімін санасақ 117 түрлі өнім. Бүгінгі күні 11-12 шет мемлекетке шығарылып жатыр.
Бұл кәсіпорындар 440 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Дәл осы еркін экономикалық аймаққа үкімет тарапынан салынған 1 теңгеге жеке бизнестен 16 теңге құйылады екен. Бұл ірі инвесторларға қолайлы орта қалыптастырып, әкімшілік кедергілерді болдырмаудың нәтижесі. Мәселен, Республика бойынша ең ауқымды 17 жобаның ішіне кірген Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты. Салынатын инвестиция көлемі 1 млрд АҚШ доллары.    Жоба бастапқы кезеңнен бастап құрылысы толық аяқталғанға дейін «жасыл дәліз» қағидасы бойынша іске асады.
Арман Бейсембинов, «Ертіс» гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС бас директорының орынбасары:
Комбинат жылына 300 мың тонна концентрат өңдеп 15 тонна алтын шығарады. Қазір құрылыста 200 адам жұмыс істеп жатыр. Негізі бір мың адамға дейін жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отырмыз.


Бөлісу