Басты Жаңалықтар Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды алып келу шараларын талқылады

Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды алып келу шараларын талқылады

Таяу Шығыс елдерінде әуе кеңістігі ашылған жағдайда, Қазақстан өз азаматтарын әкелуге әзір. Көлік министрлігінде аймақтағы жағдайға байланысты жедел штаб отырысы өтті. Онда Отандық әуе компанияларымен бірлесіп Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын алып келу үшін баламалы әрі қауіпсіз әуе бағыттары қаралды. Әуе компаниялар әуе кемелерін ұсынуға және кері рейстерді орындауға дайын екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан әуе кеңістігі жабық. Осыған байланысты, аталған елдерден Қазақстанға 28 ақпанда 14 рейс және 1-наурызда 12 рейс тоқтатылды. Жолаушыларға жедел көмек көрсету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтар ұйымдастырылды.
Call-орталық:
+7 7172 77 98 21
+7 7172 79 82 13

Бөлісу