Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефонмен сөйлесті. Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыста Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты. Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадірінше көмектесуге дайын, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, жасалған шабуыл қатаң айыпталуы керек деп санайтынын жеткізді. Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян еліміздің қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеруде көмек көрсетуге ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы