Ақтаулық тұрғын дәрігерлерге ризашылығын білдірді
Алғыс айту күні қарсаңында Ақтаулық Әмин Жәмилов өмірін аман алып қалып, дер кезінде қол ұшын созған дәрігерлерге шынайы алғысын білдірді.
58 жастағы тұрғын осыдан 2 күн бұрын жүрегі қысылып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Бас-аяғы 15 минутта науқастың жағдайы тексеріліп, шұғыл ота жасалды. Оның жүрек қан тамырының 90 пайызға дейін бітелгені анықталған. Дәрігерлер жедел түрде стент орнатып, қанның қалыпты жүруіне мүмкіндік жасады.
Әмин Жәмилов, Ақтау қаласының тұрғыны:
Сол кезде оперативно жасамаса әртүрлі екі талай болып кетуім мүмкін еді. Алғысым шексіз ақ халатты абзал адамдарға осы түнде де күнде де мына қыздар да келіп, давление өлшеп, дәрі беріп, капельница қойып жатыр. Осындай еліміздің ұл-қыздары аман болсын. Бұйырса 3-4 күннен кейін жанұяма барамын. Немерелерімді құшақтаймын дегендей. Осы кісілерге көп-көп рахмет.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы кардиология бөлімшесінің дәрігерлері өз ісіне адал жандар. Мұнда жүрек, ми қан тамырларына оталар жасалады. Науқастарды емдеп, аяққа тұрғызудан асқан бақыт жоқ, - дейді ол.
Абай Жейенайұлы, интервенциялық кардиолог:
Медицина өзімен өзі ол оңай сала емес соның ішінде интервенция мен өзім жақсы көретін мамандығым, кезінде осы мамандықты таңдадым. Енді өте қатты жақсы көремін деп те айтуға болады. Науқастармен жұмыс жасау, науқастарға көмектесу, науқастардың өмірін сақтап қалу, еңбек қабілетін сақтап қалу енді ол біздің алғашқы мақсатымыз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Месси Әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды
23.06.2026, 10:12
«Four Continents – 2027» чемпионаты Қазақстанда өтеді
23.06.2026, 10:11
«Айбын-2026»: Жастар шығармашылық байқауда бақ сынады
23.06.2026, 10:10
Елімізде 25 маусымда колледждерге құжат қабылдау басталады
23.06.2026, 10:09
Бала қауіпсіздігі – басты назарда
23.06.2026, 10:07
Алматы облысында Сәтбаев шыңында қалып қойған 3 жасөспірім құтқарылды
23.06.2026, 10:06
Павлодар облысында «Ертіс орманы» резерватына кіруге тыйым салынды
23.06.2026, 10:05
Францияда ыстықтан 18 адам қайтыс болды
23.06.2026, 10:04