Жаңа Конституция – халықтық құжат
«Жаңа Конституция - халықтық құжат». Батыс Қазақстан облысына барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған Жалпыұлттық коалиция мүшелері осы идеяны жеткізді. Коалиция құрамындағы депутаттар, заңгерлер, сарапшылар жұртшылыққа жаңа Ата заң жобасындағы әрбір бапты жіліктеп түсіндірді.
Жалпыұлттық коалиция мүшелері, алдымен, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Олардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы әр азаматтың құқығын айқындап қана қоймайды. Нақты міндеттер жүктейді. Зиялы қауым заңдылықты сақтауда жауапкершілікті сезінеді.
Бауыржан Ғұбайдуллин Ұлттық Құрылтай
мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы:
Еліміздің негізгі заңының жаңа жобасы қоғамдық тұрақтылықты қазіргіден бетер нығайта түсуге қызмет ететіні белгілі. Қоғамдық тұрақтылық дегеніміз - ұлтаралық жарасым, ұлтаралық татулық және іргелі дін өкілдері арасындағы түсіністік.
Бұдан соң ақпараттық-түсіндіру тобы
креативті және белсенді жастармен жүздесті. Жайықтың рухты жастары қашан да
елдің дамуына бастайтын әр бастаманы қолдайды.
Әділет Орынбасаров ақын, облыстық Өңірлік
коммуникациялар қызметінің басшысы:
Мен үшін Конституция - ол менің отбасымның тыныштығының кепілі деп білемін. Сөзімді әрі қарай өлең жолымен аяқтайын: Референдум дегенің - сенің даусың
Сенің даусың болашақты айқындайды.
Референдум дегенде желпінеміз
Қызады рас саяси сахынамыз. 15 наурызда Қазақстанды дұрыс таңдау жасауға шақырамыз!
Денсаулық сақтау қызметкерлері жалпыұлттық
коалиция мүшелерімен бірге жаңа Конституция жобасындағы салаға қатысты тың нормаларды
талқылады.
Роза Еркеғалиева, Клиника директорының
орынбасары:
Барлық жұмысшымызға, ұжымға түсінікті етіп айтылды. Жаңа жобада әр адам өз денсаулығына байланысты кепілдік көмек алуға мүмкіндігі бар екендігі айтылған біздің елімізде.
Жоғары оқу орнының оқытушылары мен
студенттері жаңа Ата заңдағы жастардың білім алуына, кәсіп таңдауына толық
кепілдік беріп отырғанын құптайды. Конституция - бұл тек заң жиынтығы емес,
мемлекет тірегі, Тәуелсіздік айғағы, тұрақтылық пен бірлік кепілі дейді жастар.
Ал Батыс Қазақстан машина жасау зауытының жұмысшыларымен кездесуде коалиция
мүшелері өндірісті дамытуға бағытталған негізгі заң тетіктерін таныстырды.
Арман Өмірзақ, жетекші инженер:
Біз барлығымыз жұмыс орнымыздың жақсы болғанын қалаймыз, жайлы болғанын қалаймыз. Өзім істеген жұмысымызға еңбекақымыз сай болғанын қалаймыз. Сол өзгеріске байланысты біздің де жағдайымыз жақсарады деп ойлаймын.
Әр кездесуде жұртшылық халықтық құжаттың ел дамуына тың серпін береріне сенім білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы