Қазақстан мен Ұлыбритания маңызды минералдар саласындағы стратегиялық әріптестігін нығайтады
Қазақстан мен Ұлыбритания маңызды минералдар
саласындағы стратегиялық әріптестігін нығайтады. Лондонда Жол картасына қол
қойылды. Сонымен қатар білім саласындағы ынтымақтастық артып,
елде еуропалық ЖОО-ның филиалы ашылады. Тұманды Альбиондағы тілшіміз
Марина Бекенова сабақтасын.
Британиялық компания Жезқазғандағы мемлекеттік кәсіпорынмен бірлесіп, никель
негізіндегі суперқорытпалардан рений өндіруді жолға қойған. Серіктестер 4
жылдың ішінде әлемдік нарыққа қажет аса маңызды минералдың шамамен 20%-ын
өндірді.
Джеймс Пиир, Maritime House LTD директоры:
Біз Жезқазғанда гидрометаллургиялық қуаттарды дамытып, авиациялық сападағы рений өндіруге инвестиция құйып отырмыз. Алға қойған мақсатымыз – жоғары сапалы өнім шығарып, жаһандық нарықтағы үлесімізді ұлғайту.
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Лондонға сапары аясында Қазақстанда
британиялық білім беру ұйымдарының қызметін кеңейтуге де ерекше мән берілді.
Елімізде Кардифф университетінің жасанды интеллект орталығын іске қосу
жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Хериот-Уотт университетінің Ақтөбедегі, Ковентри
университетінің Алматыдағы оқу кампустары ашылмақ. Жиында шалғай аймақтарды
спутниктік байланыспен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды.
Фабио Мандо, Eutelsat операциялық
қызмет жөніндегі директор:
Біз Қазақстанды өңірлік хабқа айналдырып, жерүсті инфрақұрылымына инвестиция салдық және ел аумағын жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз еткіміз келеді. Үкіметпен бірлесіп, нәтижелі жұмыс істеп жатырмыз.
Ғабидулла Оспанқұлов, ҚР СІМ инвестициялар комитетінің төрағасы:
Жалпы осындай жобалардың арқасында біздің Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Соның ішінде қолайлы инвестициялық ахуал туралы айтылды. Біздің Астана халықаралық инвестициялық халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері туралы айтылды.
Ұлыбритания Қазақстан экономикасына қаржы құятын 10 ірі елдің қатарында. 2024
жылдың қорытындысы бойынша Британ инвестициясы 720 млн АҚШ долларынан асқан, ал
2025 жылдың алғашқы тоғыз айында шамамен 470 млн долларды құрады.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Петропавлда қоқысты кәдеге жаратты
27.02.2026, 17:45
Egov AI ассистенті ай сайын 5 млн адамға көмектеседі
27.02.2026, 17:42
Ресейде коммуналдық төлемдер қымбаттады
27.02.2026, 17:38
Өзбекстанда АЭС кешігіп салынады
27.02.2026, 17:36
Қорғаныс министрлігі атынан тараған ақпарат – жалған
27.02.2026, 17:34
Біржолғы әлеуметтік төлем берілетіні туралы жалған ақпарат тарады
27.02.2026, 17:32
Жол жүру ережесін ЖИ бақылай бастайды
27.02.2026, 17:30
Таразда әйелдерге әлімжеттік көрсеткен 738 оқиға тіркелген
27.02.2026, 17:27