Таразда әйелдерге әлімжеттік көрсеткен 738 оқиға тіркелген
Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету дерегі бойынша Таразда 738 оқиға тіркелген. Оның 140-ы «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі болды.
Полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған 700-ден астам отбасының үйіне барды. Күш көрсету заңмен қудаланатынын еске салды. Алдын алу жұмысына дағдарыс орталықтары мен білім саласының мамандары да атсалысты. Зайыбына қол көтергендердің кейбірі айыппұл арқалады. Арасында 20 тәулікке дейін қамауға алынғандар бар. Оларға енді психокоррекциялық ем көрсетіледі. Бұдан бөлек беймезгіл уақытта көңіл көтеру орындарында жүрген кәмелет жасына жетпеген жасөспірімдер де анықталды.
Манас Әбдікәрімов, облыстық ПД қоғамидық қауіпсіздік
басқармасының бастығы:
Өмірлік қиын жағдайға тап болған 10 баласы бар 3 отбасы анықталып, олар туралы мәлімет мүдделі мемлекеттік органдарға жолданды. Жалпы жедел профилактикалық іс-шара барысында 78 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып нәтижесінде түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде ойын сауық орындарында жүрген 60-тан аса кәмклетке толмаған жасөспірім анықталды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16