Конституция жобасында «Заң мен тәртіп» қағидатына басымдық берілді
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат. Бұл тек заңнамалық өзгерістер ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді. Сондай-ақ, жаңа жобада «Әділетті Қазақстан» идеясы мен заң мен тәртіп қағидаты негізгі басымдықтардың бірі ретінде көрініс тапқан. Ата заңның жаңа үлгісімен танысқан ел тұрғындарының пікірін тыңдап көрейік.
Сауалнама:
- Конституциямыздағы өзгерістер бұл жәй ғана заңнамалық түзетулер ғана емес, сонымен қатар қоғам дамуының негізгі қадамдарының бірі. Осы сынды өзгерістер әлеуметтік әділеттілікті қамтамассыз етуге, қоғамда сенімділікті арттыруға және де біз жастардың дамуына үлкен жол ашады деп ойлаймын.- 21 бапта айтылғандай ақпараттық технологиялар дәуірінде біздің жеке деректеріміз бен цифрлық құпияларымыз Конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл интернет алаяқтыққа қарсы ең мықты кибер қалқан. Енді біздің хаттарымыз бен деректеріміз тек бізге тиесілі.- Жаңа Конституция жобасында әділетті Қазақстан идеясы мен заң мен тәртіп қағидаты басымдыққа ие болып отыр. Біздің азаматтарымызға мемлекеттің қарауында екеніне, яғни оның заңға сәйкес олардың құқықтары қорғалатыны үлкен сенімділік береді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17