Басты Жаңалықтар Абай облысында 70 медициналық нысан салынды

Абай облысында 70 медициналық нысан салынды

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы тиімділігін көрсетті. Мысалы тек қана Абай облысының өзінде ауылдарда  екі жылда 70 ке тарта медициналық нысан бой көтерген. Бұрын ауырып-сырқағандар қит етсе аудан орталығы мен қалаға сабылуға мәжбүр еді. Енді тұрғылықты жерден-ақ ең қажетті ем түрлерін алуға мүмкіндік туған.

Мақсат Әзімбаев Үржар ауданындағы Ер Қабанбай ауылының тұрғыны. Денсаулығына байланысты ауылдағы медициналық пунктке жиі жүгінеді. Айтуынша, елді мекенде бұған дейін мұндай заманауи медициналық нысан болмаған. Барлық талапқа сай келетін, керек құрал-жабдықпен қамтылған ғимарат басы ауырып, балтыры сыздаған ауылдықтар үшін үлкен сый, - дейді.

Мақсат Әзімбаев, Ер Қабанбай ауылының тұрғыны:

Арасында осы мекемеге келіп ауырған-сырқағанда қараламыз. Бұрынғы ескі мекемеміз тарлау ескілеу еді.Қазіргі мекемеге өте ризамыз. Осы суықпен ауырып келіп едім жұмыстан, осы жерге келіп ем-домымды алып реттеліп қарап жатыр. Дәрігер мырзаларға да бәріне де рақмет.

Медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы барлық стандарттарға сәйкес. Қажет құрал-жабдықтар, науқастарды қабылдау, ем шара бөлмелері бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажет дәрі-дәрмекпен қамтылған.

Фаризат Абдрахманова, дәрігер:

Бұл мекемеде жаңа технологиялармен бәрімен қамтамасыз етілгендіктен науқастар барлық зерттеулер мен ем-домдарды осы жерден ала алады. Егерде узкий специалистердің консультациясы керек болып жатса, сол жағдайда ғана ауданға қарай қатынайды.
Ал Жоғарғы Егінсу ауылындағы медициналық амбулатория мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Жаңа нысанда қазір он адам жұмыс істейді. Сапалы медицицналық көмек көрсету үшін ауыл амбулаториясына түрлі медициналық аппараттар қойылған.

Зәулім Зұрманқызы, дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері:

Балаларға және үлкендерге қабылдау жүргізіледі. Екпе жүргізіліп, күнделікті ем шаралар жасалады. Больницада жақсы аппараттармен қамтамасыз етілген.Оның ішінде магниттерапия аппараттары, ультрадыбыстық зерттеу және электротерапия аппараттары портативті электрокордиограф бар.

Соңғы екі жылда Үржар ауданында 7 жаңа медициналық нысан қолданысқа берілген. Жалпы облыс бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру үшін арнаулы мемлекеттік қордан 5,6 млрд теңге бөлінген. Оған жаңа ғимараттар бой көтеріп, кейбірі толықтай жаңартылды.


Бөлісу