Жамбыл облысында биыл 76 канал жөнделеді
Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді. Нәтижесінде 52 мың гектарға жуық алқапқа су дер кезінде әрі ысырапсыз жетеді. Әсіресе бұл бағыттағы жұмыс бес ауданда қарқынды жүргізілмек. Бұған дейін диқандар тозығы жеткен арналар арқылы су алып отырды. Енді екі жылдан кейін алқап басындағы ағайынға тіршілік көзі бетондалған каналдар арқылы барады. Данияр Әлімқұл қайта жаңғырту жұмысын көріп келді.
Байзақ ауданында қамыс пен қалың ажырық басқан каналдар біртіндеп бетондала
бастады. Шаруа қожалығы бар Данияр Нұрханов құрылыстың қарқын алғанына қуанып
отыр. Ол жылда иелігіндегі 300 гектар алқапқа қант қызылшасынан бастап дәнді
дақылдар да егеді. Бірақ Талас өзенінің суы ескі канал арқылы егістігіне әрең
жететін.
Данияр Нұрханов, шаруа қожалық басшысы:
Тапшылық көрдік қой судан енді. Енді сол қажет етіп тұрғанын жылда өзіміз көктемде шаруалар бар, өзіміз тазалаймыз. «Қазсушардың» қызметкерлері бар. Бетондалғаннан кейін енді судың жоғалтуы азайып, жақсы су келеді деп үміттеніп отырмыз.
Жалпы Байзақ ауданы бойынша 4,5 млрд теңгеге 17 канал бетондалмақ. Соның бірі
830 гектар алқапты сумен қамтитын канал бойында жүріп жатыр.
Данияр Әлімқұл, тілші:
10 шақырымнан асатын «Жаңа Михайлов» каналының жоба бойынша 4 шақырымы бетондалуы тиіс. Өйткені арнаның осы бөлігі арқылы аққан су жерге жиі сіңіп кететін. Салдарынан 50-ге жуық шаруа судың келуін көп күтетін. Енді қайта жаңғырту жұмысына кейін 70-тен аса қожалыққа тіршілік көзін тоқтаусыз тасымалдауға мүмкіндік туады.
«Қазсушар» мекемесі қайта жаңғыртуды Президенттің су үнемдеу технологиясын енгізу
тапсырмасы бойынша қолға алды. Жолдауда жүктелген міндет Құрылтай да қозғалып,
бүгінде басым бағыттың бірі болып отыр.
Қасымбек Жүзбаев, «Қазсушар» РМК Байзақ өндірістік бөлімшесінің бастығы:
Бұрындары бізде мұндай құрылыс болмаған. Кейіннен осы қаржы бөлінді, министрлік ашылғалы. Бұның бізде күтетін уақыты аз. 24 айлық мерзімге берілген. Сол 24 айдың ішінде 17 каналды толығымен жөндеу жұмысын жүргізіп үлгеруіміз керек.
Жалпы биыл облыстың 5 ауданында ұзындығы 430 шақырымды құрайтын 76 канал
жөнделеді. Соған байланысты алқаптарға су жеткізу мүмкіндігі шектелетіндіктен
егістік көлемі қысқартылды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл суармалы алқап 16,7
мың гектарға азайған.
Төлебек Құлекеев, облыстық а/ш басқармасы басшысының орынбасары:
Ауыл шаруашылықтардың экономикалық өсіміне жыл қорытындысымен кері әсерін тигізу қауіпі бар. Бірінші кезекте суды көп қажет ететін көкөніс дақылдары 7,5 гектарға азайып отыр. Қант қызылшасы алқабының өзі төмендеп отыр. Майлы дақылдар төмендеп отыр. Тек ірі Қытай зауыты соғылып жатыр Шу ауданында. Соған байланысты жүгері алқаптарын ғана ұлғайту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Аймақтың агро саласына жауаптылар жаңғырту жұмысынан кейін алқап көлемі
қайтадан артады деп отыр. Енді екі жылда барлық су арналары салынып бітсе, 52
мың гектарға жуық егістік еш қиындықсыз суарылады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша бөлінген 2,4 млрд теңге игерілмеді
26.02.2026, 20:41
Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады
26.02.2026, 20:12
Жаңа Конституция жобасы: Отбасы институты нығаяды
26.02.2026, 20:11
Көрші елдегі қандастар қолдау танытты
26.02.2026, 20:09
Жаңа Ата заң жобасы отбасы институтын күшейтуді көздейді
26.02.2026, 20:07
Жаңа Конституция – ашық пікірталастың нәтижесі
26.02.2026, 20:06
Ынтымақтастық одан әрі арта түседі
26.02.2026, 20:02
Қазақстан мен Сербия кәсіпкерлері ауқымды жобаларды бірге жүзеге асыратын болды
26.02.2026, 20:02