Сарапшылардың 75 пайызы іс жүзінде жұмысқа қатыспағаны анықталды
Ғылыми жобаларды таңдау және іске асыру барысында бірқатар олқылық анықталды. Білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындысына сүйенсек, 13,5 мың сарапшының шамамен 75%-ы іс жүзінде жұмысқа қатыспаған. Ғылыми жобаларды бағалау көбіне жалған жүргізілген. Нәтижелер кей үміткерлерге ыңғайланып өзгертілгені белгілі болды. Талаптардың бұзылғаны анықталған 30 зерттеудің жалпы құны 11,5 млрд теңге. Осыдан кейін жүзден астам ұсыныс жасалып, оларды іске асыру шаралары қабылданды. Енді ғылыми жобалар мен бөлінген ақша туралы ақпарат ашық жарияланады. Сарапшыларды кездейсоқ таңдау әдісі мен жасанды интеллект элементтерін қолданатын автоматты іріктеу механизмі енгізілді. Бұл шаралар бюджет қаражатының дұрыс әрі әділ жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы