Сербия Қазақстанға балалар тағамын шығару жобасын ұсынды
Сербия Қазақстанмен бірлесіп, жеміс негізіндегі балалар тағамын өндіруді жоспарлап отыр. Жеміс-жидек өсірумен танымал Гроцка қаласының өкілдері қазақстандық кәсіпкерлерге осындай ұсыныс білдірді. Қазақстан – Сербия іскерлік кеңесінің отырысында мамандар бұл бастаманың неге біздің елге бағытталғанын да түсіндірді. Олардың айтуынша, Қазақстанда тыңайтқыш өндірісі жақсы жолға қойылған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Гроцка алқаптарында өсірілген жемістерден экологиялық таза әрі сапалы өнім шығаруға болады. Дайын тауарларды Қазақстан нарығына да жеткізу жоспарланған.
Раде Иветич, Сербия Республикасы Гроцка муниципалитетінің жобалық координаторы:
2022 жылдан бері Қазақстанның экономикалық өкілдері Сербиядағы жобаларды зерттеп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағалап келеді. Қазіргі уақытта келіссөздер жалғасуда, нақты инвестициялық ұсыныстар әлі түспеген. Дегенмен, бұл Іскерлік кеңес екі ел үшін де тиімді ынтымақтастықты көрсетуге мүмкіндік берді.
Арман Шаққалиев, Сауда және интеграция министрі:
Соңғы жылдары екі ел арасындағы сауда жақсы дамып келеді. Бірақ бұл көрсеткішті еселеп өсіруге қауқарымыз бар. Біз ауыл шаруашылығы өнімдері, металл, мұнай химия өнімдері мен тыңайтқыштар сатып отырмыз. Кері бағытта көлік бөлшектері мен дәрі-дәрмек, азық-түлік сатып алып отырмыз. Енді бірлескен жобалардың санын көбейту керек. Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау танытуға дайынбыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30