Жамбыл облысында арқар мен қарақұйрық атқандар ұсталды
Жамбыл облысында арқар атып, қарақұйрықтарды қырған қаскөйлер қолға түсті. «Сапсан» жедел қызметінің жасағы аң-құсты атқан 10-нан аса адамды рейд барысында ұстады.
Браконьерлер бір жылдың ішінде табиғатқа 92 млн теңге шығын келтірген. Аң аулауға рұқсаты жоқ 682 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Тінту кезінде барлығынан қасқалдақ, үйрек, түлкі, қоян тұлыптары табылған. Тіпті қаскөйлер қарақұйрық пен арқарларды да аулаған. «Қызыл кітаптағы» жануарларды қырғандар ителгі құсын да шекара асырмақ болған. Бүгінде жалпы шығынның 14 миллион теңгесі ғана өтеліп, 10 қылмыстық іс қозғалған.
Нұрғали Ниязқұлов, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекицясы басшысының м.а.:
«Қызыл кітапқа» енген ителгі құстарын броконьерлер Қырғыз Республикасы арқылы шекарадан өткізіп, ары қарай Таяу Шығысқа жолдайды. Қазіргі таңда қылмыстық 6 іс бойынша істері дәлелденсе, ҚР ҚК 337 бабы бойынша, яғни 5 мың АЕК айыппұл салуға, немесе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған немесе шартты түрде шектеу қойылған.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16