Бельгия радиосы Димаш Құдайбергенге екі сағаттық бағдарлама арнады
Бельгия радиосы Димаш Құдайбергенге екі сағаттық бағдарлама арнады. 106.3 AFM радиосының әуетолқынында Қазақстанның әнұраны мен қазақ әншісінің сегіз әні шырқалды.
Бағдарламаға Димаштың Бельгиядағы жанкүйерлер тобының белсенділері, еліміздің осы мемлекеттегі Елшілігінің қызметкері мен қазақстандық студент қатысты. Қонақтар екі сағат бойы Димаштың шығармашылығы, соңғы жетістіктері жайлы сыр шертті. Оның Қытайда тұсауы кесілген «Voice Beyond Horizon» жаңа халықаралық продюсерлік жобасын талқылады. БҰҰ жаһандық ізгі ниет елшісі атанған Димаштың қайырымдылық істерін де фан клуб өкілдері назардан тыс қалдырмады. Бағдарламаны онлайн және Twitch қосымшасы арқылы алты құрлықтан тамашалаған тыңдарман сұрақтарын қойып, сүйікті әншісіне жылы лебіздерін жаудырды. Қазақтың әні шырқалып, күйі күмбірлеген екі сағаттық хабарды радио ұжымы бейнетаспаға түсіріп, ютубтағы арнасына жүктеді.
Себастьен Гратье, AFM радиосының жүргізушісі:
Ол ерекше дауыс иесі, теңдессіз талант. Дауысының құдіреттілігі сонша бірнеше октаваға көтеріледі. Әлемнің атақты жұлдыздарымен іскерлік орнатқан таутұлға деп айтар едім. Бүгін Димаш жайлы бағдарлама жасау мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын.Уенди Мразек, Д.Құдайбергеннің Бельгиядағы жанкүйерлер клубының жетекшісі:
Димашты әртіс ретінде, адамгершілік қасиеті, дауысы, музыкасы үшін қатты жақсы көремін. Ол барша адамзатты үнемі бейбітшілік пен бірлікке үндейді. Қазір әлем халқына керегі осы ғой. Арманым - Димаштың әндерін Бельгия радиоларында жиі шырқатып, осында концертін ұйымдастыру. Сүйікті әншімізді Бельгияда асыға күтеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы