Басты Жаңалықтар БҚО-да жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған

БҚО-да жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған

Батыс Қазақстан облысында Сырым аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мен қос мердігер жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілікті.
Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушілері анықтағандай, аудандық бөлім «Сапак» өндірістік кооперативімен Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге жобалық құны 259 млн теңге болатын келісімшарт жасасқан. Алайда мердігер басқа бір қосалқы мердігермен қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған. Асфальт төсеу, жер қазу, бетондау, су құбырын өткізу тек қағаз жүзінде орындалған. Ал тапсырыс беруші бюджет қаражатын мердігер есепшотына аударып отырған. Кейін қаржы өзара бөліске түскен.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Мемлекетке келтірілген материалдық залал 56,5 млн теңгені құрады. Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды. Оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бөлісу