Жамбылда көктайғақтан бірнеше бағыттағы жол жабылды
Көктайғақ Жамбыл облысының бірнеше ауданын да әбігерге түсірді. Сарысудың сайын даласының автодәлізі мен Таластың тас жолдарында тайғанақтаған көлік көп.
Мына кадрлардан мұз жапқан жолдың жылтырап жатқанын көру қиын емес. Ұршықша иіріліп тайған жедел-жәрдем көлігін жүргізуші жол жиегіне жете беріп әрең тоқтатып алды. Тіпті жолаушылар автобусы да тайып, жартылай жолдан шығып қалған. Шымкент-Жаңатас-Қаратау-Саудакент бағытындағы жүк көліктері де жүре алар емес. Полиция жолды жауып, барлық көлік түріне шектеу енгізді. Айта кетейік, аймақта соңғы бір аптада жаңбыр жауып, дүлей дауыл да соқты. Артынша екі күн мұздақ жауып, республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс қиындады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16