Жаңа Конституция жобасында – адам құқығы негізгі ұстаным
Жаңа Конституция жобасы саяси институттарды қайта жаңғыртып, елдің тиімді әрі заманауи басқару үлгісіне кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді. Бұл өзгерістер – Президенттің бастымасымен қолға алынған реформалардың тікелей нәтижесі. Сондықтан осы қағида мемлекеттік құрылымның барлық жүйесінің негізін қалыптастырады. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбев Шығыс Қазақстан облысында жергілікті маслихат депутаттары, жастар, этномәдени бірілестік және түрлі қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп Жаңа Ата заң жобасының қағидаттарын талқылады.
Жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүддесі мен құқықтарына табан тірейді. Яғни адам құқы ең негізгі ұстанымға алынып отыр. Парламент Сенатаның төрағасы бас құжаттағы дәл осы қағида мемлекеттік құрылымның барлық жүйесін қалыптастыруда негізгі жүйе екенін ерекше атап өтті. Бұл бір жағынан заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде кешенді реформалар жүйелі түрде жүзеге асылып келеді. Қазіргі жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа сол іргелі жаңғыртулардың заңды, дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасында заң мен тәртіп қағидатына азаматтардың мүдделері мен құқықтарының қорғауға және орнықты даму бағдарына баса мән беріліп отыр.
Жаңа Конституция жобасында адам құқығы мен бостандығы ең жоғарғы құндылығы ретінде бекітіліп отыр. Осы қағида мемлекеттік құрылымның негізі тетігі ретінде аранйы бапта көрсетілген.
Манарбек Мұхамеджанов, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Ең басты құндылық конституцияда ол адам. Жаңа Конституция жобасында егер де оқып шықсаңыз, адам сөзі 46 рет кездеседі екен. Мен бұны жай сәйкестік деп айта алмаймын. Бұл Ата заңның адамға адам үшін адамгершілік тұрғысынан жан-жақты пысықталған, теп-тегіс, жұп-жұмыр қандай да бір толықтыруды қажет етпейтін тарихи, тағдырлы құжат екенін көрсетеді.
Елдің дамуы жастардың қоғамдық-саяси үдеріске араласып, бастамашыл болуы олардың қабілеттеріне тікелей байланысты. Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымды қолдау да айқын жазылды. Бұл жастардың еңбекқор әрі кәсіби біліктілігін шыңдауға кепілдік береді.
Самат Байгереев, техникалық университеттің қауымдастырылған профессеры:
Өйткені ғылым еліміздің болашағын анықтайтын, болашаққа ықпал ететін әсер ететін бір фактор, бір сала. Сондықтан Конституция да осындай ғылымға білім беруге көңіл бөлінгені біз үшін өте маңызды деп ойлаймын.
Сенат төрағасы Өскемендегі техникалық университеттегі «Автокөліктердің SMART-технологиясы» зертханасының жұмысымен танысты. Бірнеше ірі өндірістердегі жұмысшылармен де кездесті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы