Тарихи жеңіске жеткен хоккейшілер оралды
Канада төрінде тарихи жеңіске жеткен жас хоккейшілер елге оралды. Astana Team командасын әуежайда ата-аналары мен жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды.
Ел мерейін асқақтатқан жеткіншектер финалда хоккейдің отаны саналатын канадалық
қарсыластарын ұтып, чемпион атанды. Бұл - сенсация. Туғаннан аяғына коньки байлап, шайба ұстап өскен
ұландарды мұз үстінде тізе бүктіру – тарихи жетістік.
Әли Сәдуақасов, Astana Team командасының ойыншысы:
Финал алдында әлбетте қорқыныш болды. Бірақ біз бар күшімізді салып ұтуға тырыстық және ол қолымыздан келді. Жеңіске жеткенде өте қатты қуандық. Одан соң әлеуметтік желіден Президенттің құттықтауын көргенде таңғалып, сенер-сенбесімізді білмедік. Кейіннен ғана шын екенін түсініп, қуанышымыз еселене түсті.
1960 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Quebec International Pee-Wee Hockey
Tournament ең мәртебелі жарыстардың бірі. Биыл әлемнің 21 елінен 120 команда
бақ сынаған. Мамандар бұл жеңіс – қазақ хоккейінің жаңа буыны қалыптасып келе
жатқанының жарқын көрінісі деп бағалайды.
Владимир Захаров, Astana Team балалар хоккей командасының бас бапкері:
Қазақстан бойынша ең үздік балаларды жинадық. Біз қалағандай бәрі келе алмады, әрине. Бір тәулікте үш ойын өткіздік. Соған қарамастан, жігіттер алтынды қолдан бермеді. Финалдық ойынды 10 мыңнан астам адам тамашалады. Сол сәтте алған әсерімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Бұл – ортақ жеңіс, команданың, бапкерлердің, ата-аналардың еңбегі. Ең бастысы әлемдік хоккей картасында Қазақстан айқындала түсті деп ойлаймын.
Astana Team сапында елордалық және өңірлік клубтардың үздік жас ойыншылары өнер
көрсетті. Олар топтық кезеңнен бастап финалға дейін мінез көрсетіп, табандылық
танытты. Балаларының айтулы жетістігіне ата-аналары да шексіз риза.
Сәуле Ақпанова, Астана тұрғыны:
Менің немерем 4 жасынан осы мұзға шыққан. Қай уақытта болса да жаттығу десе, бірден басын көтеріп, орнына тұрып киіне бастайды. Енді мына жас бүлдіршіндер Қазақстанның даңқын шығарып, көк Туын желбіретіп жатыр. Одан артық қандай қуаныш керек.
Ернұр Медет, тілші:
66 жылдық тарихында бұл турнирде тек хоккей алпауыттары – Канада, АҚШ, Ресей, Финляндия, Чехия және Швеция құрамалары ғана жеңіске жеткен еді. Енді осы жеткіншектердің арқасында, сол санаулы елдердің қатарына Қазақстан да қосылды.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сауалнама: Респонденттердің 86,5% жаңа Конституция жобасын қолдайды
25.02.2026, 20:00
35 мың отбасыға азық-түлік таратыла бастады
25.02.2026, 17:38
Павлодарда дрон кәсіпорны іске қосылады
25.02.2026, 17:37
Атырауда «Anti-Fraud» call-орталығы ашылды
25.02.2026, 17:36
«Деректерді өңдеу орталықтары алқабын» құру жобасы пысықталды
25.02.2026, 17:35
₸3 трлн-ға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары жасалды
25.02.2026, 17:33
«Отбасы банк» 2 наурыздан бастап үй беру тәртібін өзгертеді
25.02.2026, 17:31
Ғылым мен инновация стратегиялық басымдық ретінде айқындалды
25.02.2026, 17:29