Павлодарда дрон кәсіпорны іске қосылады
Павлодарда жақында дрон жасайтын кәсіпорын іске қосылады. Жылына 500-ге дейін әртүрлі модификациядағы пилотсыз ұшатын аппараттар шығару жоспарланып отыр. Болашақта бұл еліміздегі ең ірі профильдік кәсіпорын болмақ. Әзірше компания ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, әскери, құтқару қызметтері мен полицияның арнаулы көліктерін жабдықтауға арналған құралдарды шығаруда. Күрделі технология бойынша жұмыс істеуге қажетті мамандар Кореяда оқып келді.
Иван Доронин, авиациялық техник:
Бізге дрондарды жинауды және ұшыруды үйретті. Оның ішінде ұшақ түріндегі аппараттар, квадрокоптерлер мен гексакоптерлер бар. Мен оператор мамандығы бойынша оқып, замануи дрондарды басқаруды үйрендім. Әрине, оларды құрастыруды үйрендім.
Енді бірер айда отандық «Aibar», «Kerme», «Samgau» және «Qyran» атты төрт дрон үлгісі шығарылады. Олар 50 шақырымға дейін ұша алады. Бастапқыда айына 500 оқу-дроны және 40 ірі пилотсыз ұшатын құрылғы жасалады. Жоба мемлекеттік цифрландыру бағдарламасына енгізілген.
Ержан Әуезов, кәсіпорын басшысы:
Былтыр жыл соңында ресми делегациямен Кореяға барып, Павлодарда дрон өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойдық. Сәуірде сериялы өндірісті бастаймыз. Бұл еліміздегі ірі өндірістердің бірі болмақ. Қазір кәсіпорында кезең-кезеңімен локализация жүргізілуде. Алдымен корпус, электроникасы шығарылады. Өзіміздің өндірістік жеке бағдарламамыз бойынша.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы