Атырауда «Anti-Fraud» call-орталығы ашылды
Атырау қаласында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Anti-Fraud» call-орталығы ашылды. Бастама облыстық прокуратура мен Полиция департаментінің үйлестіруімен жүзеге асқан. Алғашқы күннің өзінде орталыққа 100-ге жуық қоңырау түскен. Мұнда әзірге 3 оператор қызмет етуде. Кейін қажеттілікке байланысты тағы көбейту жоспарда бар. Жалпы облыс аумағында интернет алаяқтары 300 миллион теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденген. Қазір келтірілген шығынды қайтару бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр, дейді Полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.
Оңал Бекеев, Атырау облысы ПД бастығы:
Кез келген нөмірлерден хабарласады. Өздерінің алгоритмі бар, соған сәйкес әсіресе шетелден соғылған қоңыраулардың барлығы бұғатталады. Әрмен қарай біз шара қолданамыз. Нөмірлердің иелері кімдер, соларды анықтаймыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04