Өзбекстанда суға салынатын салық көбеюі мүмкін
Ал Өзбекстан егіс алқаптарында су үнемдеу технологиясын енгізбеген шаруалар мен кәсіпкерлер үшін су салығын екі есе көбейтуді жоспарлап отыр. Мұндай өзгеріс 2027 жылдан бастап жүзеге асуы мүмкін. Енді суармалы жерді пайдаланатын диқандарға бақылау күшейеді.
Былтырғы қуаңшылықта көрші елде су қоры айтарлықтай кеміп кетті. Барша су қоймаларындағы судың жалпы көлемі 6,5 млрд текше метрге дейін азайған. Тіршілік нәрінің тапшылығы тек Өзбекстан ғана емес, Орталық Азияда өзекті мәселеге айналып келеді. Оны шешудің бірден бір жолы – су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану. Соңғы 5 жылда Өзбекстан мұндай жобаларға шетелден 620 млн доллардан астам инвестиция тартқан.
Равшан Мамутов, Өзбекстан Олий Мажлисі аграрлық және су шаруашылығы мәселелері
комитетінің басшысы:
Бар суды мейлінше тиімді пайдалану бүгінгі күннің ең басты мәселесіне айналды. Климаттың өзгеруі жыл өткен сайын анық байқалуда. Мұның барлығы сумен байланысты. Тіршілік нәрін үнемдеп, су пайдалануда заманауи технологияларды енгізу маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы