Бұрынғы ҰҚК қызметкері 11 жылға сотталды
Маңғыстауда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне қарасты департамент басшысының бұрынғы орынбасары мен Ақтау әуежайының аудиторы сотталды.
Олар өңірдегі белгілі кәсіпкерді бопсалап, 500 мың доллар алмақ болған. Тергеу материалдарына сәйкес, ҰҚК-ның өкілі өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, кәсіпкер мен оның туыстары туралы беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жеке сипаттағы мәліметтер жинаған. Кейін кәсіпкерге компромат салынған конверт жіберіліп, артынша әуежай аудиторы телефон арқылы хабарласып, мәселені «шетел валютасымен» үш күн ішінде шешуді талап еткен. Фотосуреттің сыртында «500 000» деп жазылған. Кәсіпкер талапқа келіскендей болып, құзырлы орган хабар берген. Сот үкімімен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне қарасты департамент басшысының бұрынғы орынбасары 11 жылға, Ақтау әуежайының қауіпсіздік аудиторы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы