Алматыда қардың кесірінен көлік қозғалысы қиындады
Алматыда қар жауып, күн күрт суытып, көшедегі қозғалыс қиындады. Жауған қардың қалыңдығы 22 сантиметрге жетті. Синоптиктер бір күнде айлық қардың 65 пайызы жауғанын айтады. Ақ ұлпа тоқтаусыз жауып, коммуналдық қызмет таңнан бері қала көшелерін тазартып әлек. Әкімдіктің есебінше, қазіргі уақытта 1300-ге жуық бірлік арнайы техника мен 4 мыңнан аса жол қызметкері жұмыс істеп жатыр. Мамандар түнгі ауысымда да жұмыс істейді. Қазір қаланың орталық көшелері мен аялдама, жүргіншілер жолағы қардан тазартылған. «Қазгидромет» күндіз көктайғақ болып, бүгін түнде Алматыда ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейтінін болжады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04