Коалиция мүшелері Қарағанды халқымен кездесті
Ерлан Қошанов бастаған жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағанды жұртшылығымен кездесті. Достық үйінде басталған жиында жаңа Конституцияның негізгі нормалары түсіндіріліп, адам құқығы мен бостандығын нығайту, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы және билік институттарының әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бағыттары айтылды. Кездесу Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде жалғасты. Зиялы қауым өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам және студенттер басқосқан талқылауға шамамен 500 адам қатысты. Кездесуде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа Ата Заң жобасында ел дамуының басым бағыттары ретінде алғаш рет ғылым мен білім бекітілгенін атап өтті. Кездесу «Qarmet» кәсіпорнында да жалғасты.
Тәуелсіздікті сақтау мен нығайту жолындағы басты міндет – мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын және тұтастығын қамтамасыз ету. Бұл мәселе жаңа Ата Заң жобасында нақты көрсетілген. Онда билік институттарының құзыреттері мен функциялары айқын әрі нақты белгіленіп, олардың арасындағы теңгерім толық сақталған. Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстанда Президенттік басқару формасы сақталады. Мемлекет басшысы Конституцияның кепілі болып, мемлекеттік аппараттың үздіксіз, үйлесімді әрі жүйелі жұмысын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы