Басты Жаңалықтар Қазақстан ТМД бойынша салық жүктемесі төмен елдердің қатарында

Қазақстан ТМД бойынша салық жүктемесі төмен елдердің қатарында

Қазақстандағы кәсіпкерлердің салық жүктемесі ТМД елдерінің көпшілігімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Экономистер осылай дейді. Биыл  Салық кодексі күшіне енгені белгілі. Жаңа норманың өзге елдерден айырмашылығы қандай?

Мәселен, Өзбекстанда шағын бизнес үшін жеңілдетілген салық мөлшерлемесі 1 пайыз деп көрсетіледі. Алайда оның жылдық табыс шегі шамамен 42 миллион теңге ғана. Бұл ақша айналымы аз бизнеске қолайлы, әйтпесе табыс артқан сайын талап күшейеді.

Зокиржон Умаркулов, Өзбекстан мемлекеттік салық комитетінің бас инспекторы:

Өзбекстанда қосылған құн салығын төлеушілер үшін айналымның міндетті шегі белгіленген. Ол жылына 1 миллиард сум көлемінде. Теңгеге шаққанда 42 млн теңгеге жуықтайды. Осы межеден асқан сәттен бастап кәсіпкер міндетті түрде қосымша құн салығын төлеп, жалпыға бірдей салық тәртібіне көшеді. Жалпы біздегі қосылған құн салығы мен– 12%, түскен пайдадан алынатын салық – 15% көлемінде.

Ал Қазақстанда жеңілдетілген салық мөлшерлемесі 2–4 пайыз аралығында. Бұл режиммен жылына шамамен 2 млрд теңге табыс тапқанға дейін жұмыс істеуге болады. Бизнес кеңейсе де , кәсіпкер бірден күрделі салық жүйесіне өтпейді. Сондай-ақ жеңілдетілген салық мөлшерлемесінде қосымша құн салығы міндетті емес.

Сапарбай Жұбаев, экономист:

Қазақстанның жалпы салықтық жүктемесі осы тәуелсіз мемлекеттер достастығының ішінде Түркіменстаннан кейін ең төмендегісі. Сондықтан инвесторлардың бәрі Қазақстанға келеді. Неге? Себебі Қазақстанда осы салықтық жүктеме мен айтқандай 15-17% Өзбекстанда 25-26%. Ал енді жанағы корпоративтік табыс салығы оларда жоғары жанағы қосымша құн салығы оларда 12% дейді себебі барлық нәрсеге салынады да порогы көп болғаннан кейін. Оларда жол салықтары басқада салықтын түрлері көп жанағы мен айтқандай акциздік төлемдер айыппұлдар өте көбірек оларда.

Кәсіпкер үшін бизнес ауқымын кеңейтудің маңызды екені анық. Ал ісі өрге дөңгелеген сайын салықтық қысым күрт көбейсе, ол даму қарқынына әсер етеді,- дейді сарапшылар.

Бөлісу