Жаңа Конституция ғылым мен экологияға серпін береді
Сенат депутаттары өңір тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен кездесуде. Бүгін Курчатов қаласына барған Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекова Ұлттық ядролық орталықтың жұмысын көріп, атом энергетикасы, баламалы қуат көздерін өндіруге қатысты жүргізіліп жатқан ауқымды зерттеулермен танысты. Курчатов – ғылым қалашығы. Мұндағы Ұлттық ядролық орталық мамандары атом энергетикасы, радиациялық қауіпсіздік және экологиялық зерттеулер жүргізеді. Әсіресе, бұрынғы сынақ полигоны аумағын ғылыми тұрғыда зерттеп, қауіпсіз болса ол аумақтарды ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үшін зерделейді. Ұжыммен кездескен депутаттар Конституцияның жаңа жобасындағы өзгерістер мен заң нормаларын түсіндірді. Ата заңның жаңа жобасында экология мен ғылым саласына ерекше басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Бұл өзгерістер Курчатов сынды ғылым қалашығын жаңа деңгейге көтеріп, дамуға мүмкіндік береді, - дейді сенаторлар.
Қайрат Тастекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Білімге, ғылымға, инновацияға үлкен көңіл бөлініп отыр. Мына Курчатовтың өзі негізгі бағыты ғылым, білім. Білімнің арқасында келеді. Сондықтан ғылымға үлкен көңіл бөліп, болашағымызды жастарға, осы салаға тарту.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы