БҚО-да коалиция өкілдері еңбек адамдарымен кездесті
Батыс Қазақстан облысына барған Сенат депутаты Ләззат Рысбекова мен облыстық коалиция өкілдері емхана қызметкерлерімен және кірпіш зауытындағы еңбек ұжымымен кездесті.
Қалалық №5 емханада өңірдегі денсаулық сақтау саласының ахуалы мен жаңа Конституция жобасындағы медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау мәселелері талқыланды. Кездесуде емхана ұжымы кәсіби қызметке қатысты көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды. Жаңа заң жобасын түсіндіру үшін келген сенатор кірпіш зауытының ұжымымен кездескенде, елдегі бастаманың демократиялық институттарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Ләззат Рысбекова, Сенат депутаты:
Жаңа Конституция жобасының 77 бабына түзетулер енгізілді. Бұл негізгі заң мәтінінің 84%-ы өзгерді деген сөз. Осылайша, жаңа Конституция – бұл құбылмалы заман талабына жауап әрі «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының нақты жүзеге асуы.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17