Басты Жаңалықтар «Astana Team» балалар хоккей командасы Әлем чемпионы атанды

«Astana Team» балалар хоккей командасы Әлем чемпионы атанды

Президенттің құттықтауы бізді жігерлендірді. Канадада өткен жарыста топ жарған «Astana Team» балалар хоккей командасының бас бапкері осылай дейді. Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысына биыл 21 елден 120 команда қатысты. 2013 жылы туған жеткіншектерден құралған команда топтық кезеңдегі барлық кездесуде қарсыластарынан басым түсті. Шешуші финалдық командасымен кездесіп, тартысты өткен матчта буллит сериясы бойынша ойында 4:3 есебімен жеңіске жетті. Турнирдің бас жүлдесін иеленді. 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл турнир балалар хоккейі әлеміндегі ең беделді бәсеке саналады. AA Elites дивизионындағы бұл жеңіс қазақстандық командаға келер жылы ең жоғарғы – ААА дивизионына көтерілуге мүмкіндік береді.

Владимир Захаров, «Astana Team»  балалар хоккей командасының бас бапкері:

Біз бұл турнирде жеңіске жету арқылы қазақстандық хоккейді әлемге танытуға аз да болса үлес қостық деп ойлаймыз. Балалар да сайыс барысында үлкен тәжірибе жинақтады. Бізге қолдау білдірген Қазақстан хоккей федерациясына алғыс айтамыз. Президентіміздің құттықтауы бізді қуантты. Бұл - балаларды жігерлендіреді. 

Бахаудин Солсанов, «Astana Team» балалар хоккей командасының жетекшісі:

Финал өте тартысты өтті. Мачты трибунадан 10 мыңға жуық жанкүйер тамашалады. Одан бөлек, турнир Канада арналарында тікелей трансляция арқылы көрсетілді. Бұл балалар арасындағы ең жоғары деңгейдегі жарыс. Сондықтан үздік атанғанымызға қуаныштымыз.


Бөлісу