Басты Жаңалықтар Сенат депутаттары тұрғындармен кездесті

Сенат депутаттары тұрғындармен кездесті

Депутаттар елді мекендерді аралап, тұрғындарға Жаңа Конституция жобасын түсіндіруде. Халық қалаулылары Петропавл қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп ұжымымен кездесті. Депутаттар жаңа Конституция жобасының маңызы жайында баяндады. Оның ең басты құндылығы – адам құқықтары мен бостандықтары. Депутаттар Конституциядағы өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, биліктің теңгерімін сақтау және азаматтардың белсенділігін арттыру мақсатында енгізілгенін атап өтті.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Кезінде Конституцияға енбей қалған, мысалы экологияны қорғау, табиғатты сақтау, адами капиталды сақтау, тәрбие, адам оның ішінде әйел мен баланың құқығы сияқты мәселелер бүгінгі таңда Жаңа Конституцияға жекелей енгізіліп отыр. Осы кезеңдерді, осындай бір жайттарды бір халыққа жеткізу керекпіз.

Ал Сенатор Алтынбек Нұхұлы Павлодардағы қағаз және картон өдіретін зауытқа барды. Кәсіпорында 100-ден аса адам жұмыс істейді. Бүгінде кәсіпорын өндірісті ұлғайтуға кірісті. Қосымша утилизациялық төлем қаражаты есебінен жеңілдетілген қаржы алып, арнайы экономикалық аумақта жаңа зауыт құрылысы басталды. Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес. Ол мемлекеттің дамуын, қоғамдағы құндылықтар, билік пен әр тұрғын арасындағы тепе-теңдікті айқындайды, - деді сенатор. Оның әрбір нормасы қоғам талқылауына ұсынылуы сондықтан. Кездесуге қатысқан еңбекшілер кейбір баптарды салыстыра қарап, сұрақтарын қойды.


Бөлісу