Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады
Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибелер алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара ықпалдастықты нығайтуға ниетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдауы кезінде осы мәселелер көтерілді. Қазақстан Президенті Грузия еліміздің Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың уақыт тезінен өткен тарихи тамырластыққа құрылғанына тоқталды.
Мұнан соң Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефонмен сөйлесті. Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы