Таразда жас прокурорлар клубы жұмыс істеп тұр
Ал Тараз мектебінде сабақ оқып жүрген прокурорларды көруге болады. Иә, тура мағынасында солай, қаладағы №66 орта мектепте жас прокурорлардың клубы жұмыс істейді. Білім ұясында биыл қаңтарда Бауыржан Момышұлы атындағы «Болашақ прокурорлар» клубы құрылған болатын. Мақсат – жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын оятып, оларды прокурор мамандығына ерте бастан кәсіби бағдарлау. Осы орайда бүгін қалалық прокуратурада «Ашық есік күні» өтіп, жасөспірімдер құқық қорғаушылардың қызметімен танысты. Клубқа мүше 25 оқушы өздерінің болашақ жұмысын орнын көріп, заңға қызмет етуге асық екендерін көрсетті. Айта кетейік, «мектеп пен қалалық прокуратура арасында өзара клуб ережесіне қол қойылған. Құжат негізінде оқушылар адал азамат болуға ант қабылдап, заң үстемдігі үшін қызмет етеді.
Шадияр Базарбай, оқушы:
Біз осы «Болашақ прокурорлар» клубы ретінде әр апта сайын викториналық сұрақтар құрастырамыз. Яғни осы викториналық сұрақтар арқылы біз оқушылардың құқықтық жауапкершілігін арттырамыз және өзіміздің жас прокруорлар клубын дамытамыз. Викториналық сұрақтарды CodeОpen және Genially жасанды интеллект сайттары арқыл жасаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы